Главное
Шерзат Полат өлімі: сот отырысында жарыссөз басталды

Шерзат Полатың өліміне қатысты сот отырысында судья Ержан Жанұзақов бүгін жарыссөз басталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сот сот тергеуі аяқталғанын хабарлап, жарыссөзге көшетінін хабарлайды. Жарыссөзде тараптар сот тергеуінде дәлелденген дәлелдерге ғана сүйенулеріңізді сұраймын», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Ruhy» YouTube арнасынан көре аласыздар.