Шерзат ісінде сотталушылардың бұған дейін де сотты болғаны айтылды

Талғарда төбелес кезінде қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотта сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. 16 мамырдағы процесте айыпталушы Азамат Тоқтаубаевтың бұған дейін сотты болғаны айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
– 2023 жылы 4 желтоқсан күні мені күдікті деп танып, 106-баптың 1-тармағымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) маған екі ай санкция берген. Мені уақытша ұстау изоляторына, Талдықорған қаласының N71 мекемесіне жапты, – деді Тоқтаубаев сотта прокурорға берген жауабында.
Азамат Тоқтаубаев ақпанда ғана тергеу изоляторынан үй қамаққа шыққан. Өзінің айтуынша, тағылған айып 106-баптың 1-тармағынан 2-тармағына ауыстырылған.
Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе Азамат Тоқтаубаевқа ҚК 293-(Бұзақылық) және 188-баптары (Ұрлық) бойынша айып тағылған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бқған дейінгі сот отырысында сотталушылар Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы істе оларды күдікті деп тану қаулысы жоғын алға тартып, істі қайта тергеуге жіберуді сұрап, өтінішхат түсірді.
Айыпталушы прокурор өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Олар іс бойынша күдіктілердің барлығы күдікті ретінде танылғанын алға тартты. Судья Ержан Жанұзақов өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Соттың тікелей эфирін Ұлысмедианың YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Автор: Есдәулет Қызырбек