Главное

Шерзат ісі: Нұрқанат Ғайыпбаев пышақталған соң көз жұмуы мүмкін бе еді

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы жалғасты. Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Жолымбетов келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сараптама нәтижелері

Маманның айтуынша, сот-медициналық куәландыру 2024 жылғы 9 қазанда, яғни, оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң жасалған. Тексеру нәтижесінде Ғайыпбаевтың денесінен түрлі жарақаттар табылған:

Бас және бет аймағы:

Сол жақ көздің астында 3–5 см көлеміндегі көгерген қанталау, оң жақ құлақ қалқанының өсіндісінде 2,0×1,0 см мөлшеріндегі қанталау анықталған. Шүйде тұсында жұмсақ тіндердің ісінуі мен қабынуы байқалған.

Дене және аяқ-қол бөліктері:

Бел аймағында қызыл түсті жұқа жара (мөлшері – 15×4,0 см), оң жақ жамбаста бірнеше қиғаш және тік жаралар тіркелген (1,2×0,1 см; 1,0×0,1 см және 0,8×0,1 см). Сондай-ақ жамбастың төменгі бөлігінде 8,0×3,0 см көлеміндегі терісі сыдырылған жара болған.

Тізе және шынтақ буындары:

Сол жақ тізе буынының алдыңғы жағында үш жара (мөлшерлері – 1,1×1,0 см; 0,9×0,8 см; 0,9×0,7 см), оң жақ шынтақ буынының алдыңғы және сол жақ шынтақтың артқы жағында да жарақаттар анықталған.

Клиникалық диагноз

Медициналық құжаттарға сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаевқа келесі клиникалық диагноз қойылған:

  • Бас сүйек-миының жабық жарақаты, ми шайқалуы
  • Маңдай бөлігіндегі жұмсақ тіндердің соғылуы, терінің сыдырылуы
  • Шүйде аймағындағы қанталау
  • Кеуде қуысы мүшелерінің жабық жарақаты
  • Екі шынтақ буыны мен тізе буынының жұмсақ тіндерінің зақымдануы
  • Оң жақ жамбастағы көптеген кесілген жаралар

Жарақаттардың сипаты мен ауырлығы

Сараптама қорытындысы бойынша, Ғайыпбаевтың денсаулығына жеңіл зиян келгені анықталды. Бұл жарақаттар қатты тұйық заттар мен шанша-кесетін құралдардың әсерінен пайда болуы мүмкін.

Жамбастың оң жағындағы жарақаттар шаншыла-кесілген сипатта болғанымен, ірі қан тамырлар зақымданбаған, сондықтан олар да жеңіл жарақаттар қатарына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Другие новости

Back to top button