ГосорганыОбразование

«Шекарадағы мектептерді сақтап қаламыз»: министр ауылдардағы білім ошақтарының жабылуы туралы айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушы санының аздығына байланысты қанша ауыл мектебі жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауыл мектептерінің саны қазіргі күні 5 мыңнан асады. Оның ішінде шағын жинақты мектептер саны – 2700, ал кіріктірілген сыныптар мен 10-30 шақты бала оқитын мектептердің саны – мыңға жуық. Шағын жинақты мектептер алыс аудандарда орналасқан, оның ішінде шекараға жақын жерлердегі ауыл мектептерінің есебін жүргізіп отырмыз», — деді министр.

Ғани Бейсембаев министрліктің ұстанымы – шекара маңында орналасқан мектептерді қандай жағдай болса да, жауып тастамау, сақтап қалу екенін жеткізді. Ол бұған дейін ауыл халқының көшуіне байланысты бала саны азайып, бірнеше мектептің жабылғанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button