Госорганы

Шаруалар биылдан бастап егістігін киіктерден қорғау үшін мемлекеттен субсидия ала алады

Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың егіс алқаптарын қаптаған киіктен қорғаудың жолын тапты. Осы жылдан бастап фермерлер мемлекеттің ақшасына егістіктері мен жайылымдарына қоршау орната алады. Министрлік Azattyq Rýhy ресми сауалына осылай жауап берді.

Ведомство ақпаратынша, киіктер Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары аумағының бір бөлігін мекендейді, яғни олардың көші-қоны осы аумақтар арқылы өтеді. Тиісінше осы облыстардың, әсіресе БҚО фермерлері киіктер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді таптап кетті деп жиі шағымданады.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі егістіктерді, шабындықтар мен жайылымдарды киіктердің таптауынан қорғау үшін Зоология институты мен облыс әкімдіктерінің ұсыныстарына сәйкес инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізген.

«Атап айтсақ, Бұйрыққа ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден қоршауға арналған топсалы торлар метріне 700 теңге және топсалы торды бекітуге арналған бағандарды (металл немесе бетон) бірлігіне 3750 теңге сатып алу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50% субсидияланады. Яғни, биылдан бастап шаруалардың ауыл шаруашылығы жерлерін киіктерден тапталуына қарсы қоршауларды орнатқан кезде мемлекет тарапынан қолдау ретінде субсидия алуға мүмкіндігі бар», — делінген жауапта.

Другие новости

Back to top button