Социум
Шанхайда ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға лық толды
Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі – қариялар
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/01/dfebec66-4353-40e9-9160-1c6de316525c-780x470.jpeg)
Күн сайын Шанхайдағы денсаулық сақтау мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түсіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews.com-ға сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан кісілер.
ҚХР-дың мемлекеттік БАҚ-ы 25 миллион халқы бар мегаполис халқының 70% вирус жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлап отыр.
Билік қатаң санитарлық шектеулерді алып тастағаннан кейін бір айдан кейін Қытай бұрын-соңды болмаған ауру толқынына тап болды. Соңғы күндері Қытайдан келген жолаушыларға оннан астам ел COVID-19 сынағын енгізді. Бірақ соған қарамастан, Бейжің бұл шараларды айыптап отыр.