Госорганы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды. Ұйымға мүше елдердің өкілдері Астанаға келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанаға ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері келетінін хабарлаған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button