Туркестанская область

«Шалбарыңды шеш!»: Түркістан облысында жол апатынан мерт болған жүргізушінің туыстары полиция қызметкерлерін айыптауда (видео)

Түркістан облысында ВАЗ-2103 жүргізушісі полицейлерден қашамын деп жол апатына ұшырап, қаза болған. Оның туыстары болған оқиға үшін тәртіп сақшыларын айыптауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Polisia.kz басылымы мәліметінше, Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Желіде тараған видеода бір топ ер адамның полиция қызметкерімен сөзге келіп тұрғанын көруге болады. Ер адамның бірнешеуі оған “Шалбарыңды шеш!” деп бұйырып, тіпті бұл әрекетті өздері жасамақшы болған.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйекте Төлеби ауданы Көксайек ауылы көшелерінің бірінде Ваз-2103, Audi 100, Mazda 626 көліктерінің қатысуымен болған.

“Төлеби аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған көлік жүргізушісінің мас күйіне күмәнданып, қандайда бір апаттың алдын алу үшін мен мәнжайды білуге тоқтатпақшы болады. Осы сәтте көлік иесі одан сайын жылдамдықты асырып, тоқтаудың орнына қашып кеткен. Автокөлік басқа да көліктерге соқтығысып, салдарынан жол апаты орнаған. Оқиға орнына Төлеби АПБ-ның басшылығы мен прокурорлар, жедел-тергеу тобы шықты.

Жол апаты салдарынан Ваз 2103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, оның жолаушысы мен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Сол күні қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды”, – дейді полицияда.

Ал қайтыс болған жүргізушінің туыстары жол апаты бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен арызданды. Олардың шағымы бірден тіркеуге алынып, Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда жол апатының себеп-салдары мен мән-жайын анықтауға қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама нәтижесі күтілуде.

Заңға сәйкес сараптама қорытындысымен нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бұл іс Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке бақылауында.

 

Другие новости

Back to top button