Шайды жиі ішетін адам анемияға шалдыға ма? Маман жауап берді
Шайды жиі ішу адамда анемия тудырады ма? Нутрицилог Нариман Нұрғазин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маманның айтуынша, шайдың құрамына кіретін флавоноидтар темірдің асқазан-ішек жолында сіңуін тежейді.
Ол анемиясы жоқ адамдарға жүргізілген зерттеу мұны растамағанын айтты.
Зерттеу былай жүргізілген, сау адамдар 1 ай бойы күніне 7-8 кесе шәй ішіп жүрген. Нәтижесінде, темір мен гемоглобиннің төмендеуі байқалмаған. Яғни ағзаға ешқандай кері әсері болмаған. Ал қан аздықпен(анемиямен) ауыратын адамдарда бұл зерттеу басқа нәтиже көрсетті. Тұрақты түрде тамақтанған кезде шай іше бергеннен қандағы темірдің аздап төмендеуі байқалды. Анемиясы жоқ, сау адамдарға шайды еш шектеусіз іше беруге болады. Тек тамақтануы дұрыс тенгерілген болса болды. Ал темір тапшылықты қан аздықпен(анемиямен) ауыратындар тамақтанған кезде және тамақтанғаннан кейін бір сағат өткенге дейін шәй ішуден бас тартқаны жөн, — деп түсіндірді Нариман Нұрғазин.