Происшествия
Шахтинскте ЖЭО жанында өрт шықты

Шахтинск қаласының ЖЭО жанында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр.
Өрт туралы хабарлама сағат 11.000 шамасында түскен.
Өрттің жалпы ауданы 4 гектар, деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
«Жақын орналасқан қосалқы станция мен ЖЭО аумағына қауіп төнді. Жоғары температурадан электр желілерінің металл тірегі зақымдалған. Нәтижесінде электр қуат ажыратылды. Өрт 13-55-те ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі анықталуда», — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 48 адам және 16 техника жұмыс істеді.