Культура

Сезініп көруге болатын фотокөрме: Canon Алматыда «Көзге көрінбес әлемді» ұсынады

 Canon Қазақстан бүгін «Көзге көрінбес әлем» көрмесінің — көзі нашар көретін және көзі көретін келушілерді фотосуреттермен жаңа, қолжетімді әрі қызықты әдіспен танысуға шақыратын фотокөрме ашылғанын хабарлайды. Көрме Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы МӨМ Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137, Жамбыл к-сінің қиылысы) 2024 жылдың 25 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында өтеді.

Бір ай бойы Алматы тұрғындары мен қонақтары көру қабілетіне қарамастан өнер алдында бәрі тең болатын әлемге сяхаттай алады. Бұл —Орталық Азиядағы көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған, тактильді фотосуреттер, аудиогидтер және Брайль қарпіндегі жазулар түйсінудің жаңа, инклюзивті кеңістігін қалыптастыратын тұңғыш көрме.

Бүкіл дүние жүзінде көру қабілеті бұзылған кемінде 2,2 миллиард адам бар, олар үшін фотосурет саласы әлі күнге дейін айтарлықтай дәрежеде қолжетімсіз күйде қалып отыр. Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметінше елімізде 89 мың адамның көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар. Көрменің басты ерекшелігі болып барлық фотосуреттердің бедерелі етіп басып шығарылуы табылады. Соның арқасында зағип келушілердің фотосуреттерді қолмен ұстап, олардың құрылымы мен бөлшектерін сезінуге мүмкіндігі болады.

«Әлемнің көптеген елдерінде өтетін көрменің бізде де ашылғанына қуаныштымыз. Осы жобаны жүзеге асыру үшін көп еңбек еттік. Алматы тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалаудан ләззат алып, әр фотосуреттің астарындағы хикаялардан шабыт алып, ал ең бастысы, көру мүмкіндігінен айырылған адамдардың әлемін жақсырақ түсіне алады деп үміттенемін. Эмпатия, бір-бірімізге деген құрмет өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда әркім өзін жайлы сезінуі үшін өте маңызды, ал осы көрме көру қабілетінің әртүрлі бұзылыстарына шалдыққан адамдарды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді», — дейді Марал Рахимжанова, Canon Қазақстан компаниясының корпоративтік коммуникациялар менеджері.

Көрменің қызықты ерекшелігі — келушілерге көру мүмкіндіктері шектелген адамдардың ерекшеліктерін жақсырақ түсіну мүмкіндігін беру. Арнайы симулятор көзілдіріктің көмегімен глаукомадан бастап диабеттік ретинопатияға дейін әртүрлі ауытқулар кезінде кескіндерді көру мүмкіндігі қалай өзгеретінін көруге болады.

Сонымен қатар көрмеге келушілер 4 кейіпкердің өмірін баяндайтын 4 деректі фильмді тамашалай алады, кейіпкерлердің арасында британдық мүгедектер құқығын қорғаушы Люси Эдвардс және қысқы Паралимпиада ойындарында ең көп жүлде алған Ұлыбритания паралимпиадашысы Менна Фицпатрик бар. Олар бедерлі фотосуретпен алғаш рет танысқан кездегі оқиғаларымен және әсерлерімен бөлісу үшін Canon компаниясымен иық тіресе жұмыс істеді.

«Көзге көрінбес әлем» көрмесінің экспонаттарын басып шығару Canon компаниясының PRISMAelevate XL бағдарламалық жасақтамасының және Arizona сериялы принтерлерінің арқасында мүмкін болды. Аталмыш инновациялық құралдар визуалды әселерге жаңа өлшем қоса отырып, қолмен ұстап көруге болатын жарқын, текстуралы кескіндер басып шығарады. Жоғары беріктігінің және бедерлі әсерлер қосу мүмкіндігінің арқасында Arizona сериясы қарапайым кескіндерді қолмен ұстап көруге болатын жауһарларға айналдырады.

«Көзге көрінбес әлем» көрмесін ұйымдастыру идеясы біздің өнерді баршаға қолжетімді ету ниетімізден туындады. Canon компаниясында біз кескінді көру және түйсіну шекарасын кеңейтуге тырысамыз. Озық басып шығару технологиялары инклюзивті қоғам идеясын шындыққа айналдыруға мүмкіндік беріп жатқанын ерекше мақтан тұтамыз. Бұл көрме көзі нашар көретін адамдар үшін өнер әлемінің есігін ашады, өнерді тек көруге ғана емес, сонымен қатар оған «қол тигізуге» де мүмкіндік береді», — дейді Азиз Ниязов, Canon Қазақстан өкілдігінің директоры.

Көрмеде әлемге әйгілі фотографтардың және Canon амбассадорларының, соның ішінде көптеген марапаттарға ие болған Оңтүстік Африка фотожурналисі Брент Стиртонның, танымал Бразилия фотожурналисі Себастяо Сальгадоның, Нигерия фотожурналисі Ягази Эмезидің, спорт фотографы Само Видичтің, Пулитцер сыйлығын алған Мұхаммед Мухейсеннің, сонымен қатар барыстың бірегей фотосуретін ұсынған қазақстандық шебер, Wildlife Without Borders Kazakhstan (WWB-KZ) (Қазақстанның шекарасыз жабайы табиғаты) қорының тең құрылтайшысы Салтөре Сапарбаевтың жұмыстары көрсетіледі.

«Бұл жоба жабайы табиғаттың сұлулығы мен осалдығын көзі көретін адамдарға ғана емес, сонымен қатар әлемді жанасу арқылы түсінетін адамдарға жеткізудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Қар барысы — тауларымыздың ұлылығының және оларды сақтаудың маңыздылығының символы, ал мен тактильді фотосуреттер арқылы әрбір адам оның күші мен рухын сезіне алатынына қуаныштымын», дейді Салтөре Сапарбаев.

Бұл Canon компаниясы сапалы басып шығару көмегімен өнерге жан бітірген бірінші рет емес. Меншікті PRISMAelevate XL бағдарламалық жасақтамасы және Arizona принтерлер сериясы арқылы Canon компаниясы көптеген жылдар бойы зағип және нашар көретін адамдар үшін өнерді қолжетімді етіп келеді, тактильді басып шығару және Брайль тақтайшалары арқылы дүние жүзіндегі көркем өнер галереялары мен мұражайларына қолдау көрсетуден танбайды.

Көрмені өткізуге Алматы қаласы әкімдігі және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы қолдау көрсетті, олар мәдени іс-шаралардың инклюзивтілігі және қолжетімділігі мәселелеріне көп көңіл бөледі. Әкімдік өкілі мұндай шараларды өткізудің маңыздылығына былай деп тоқталды:

«Бұл көрме — мәдениеттің адамдарды біріктіріп, арамыздағы шекараны жоя алатынының жарқын мысалы. Біз қаламызды барша үшін инклюзивті етуге тырысамыз, ал «Көзге көрінбес әлем» көрмесі — әрбір адам физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан өзін тең сезінетін және қаланың мәдени өміріне атсалысатын қоғам құру жолындағы маңызды қадам», — деп атап өтті Аманат Сұлтанғазиев, Алматы қаласы әкімдігінің тең мүмкіндіктер бөлімі басшысы.

Canon баршаңызды осы көрмені тамашалауға, өнер түйсінудің жаңа нысандары арқылы адамдарды қалай біріктіретінін сезінуге шақырады. Көрме Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы МӨМ Орталық көрме залында (Желтоқсан к-сі, 137, Жамбыл к-сінің қиылысы) 2024 жылдың 24 қазанына дейін дүйсенбіден басқа күнделікті сағат 10.00-ден 19.00-ге өтеді. Кіру тегін.

Сондай-ақ «Көзге көрінбес әлем» көрмесінің сайтында әр фотосуреттің хикясын оқып, бейнебаянын көре аласыздар.

 

 

               Canon Europe туралы

Canon Europe — EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында кескін өңдеу технологиялары мен қызметтерін жаһандық жеткізуші Canon Inc. компаниясының стратегиялық штаб-пәтері. Canon Europe шамамен 120 елде жұмыс істейді, қызметкерлерінің саны 12 850 адамға жуық, жыл сайын Canon компаниясының әлемдік кірісінің шамамен төрттен бірін табады.

 

1937 жылы негізі қаланған Canon компаниясының үздіксіз инновацияларға деген ұмтылысы 80 жылдан астам тарихында кескін өңдеу сапасын биік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Компания қажет салаларға инвестиция салу, камералардан бастап коммерциялық принтерлерге дейін, өнеркәсіптік жабдықтан бастап денсаулық сақтау технологияларына дейін өсу мүмкіндіктерін пайдалану міндеттемесін мойнына алды.

 

Canon корпоративтік философиясы — Kyosei — «Ортақ игілік үшін бірге өмір сүріп, жұмыс істеу». EMEA аймағында Canon Europe Canon өнімдері, шешімдері мен қызметтері арқылы өзінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға және клиенттеріне қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуда қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөле отырып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылады.

 

Canon баршаның игілігі үшін кескін өңдеу әлемін үнемі ой елегінен өткізіп отырады. Өзінің технологияларының және инновациялық рухының арқасында мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, әлемімізді бұрын-соңды көрмеген қырларынан көруге көмектеседі.

 

Canon Europe туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.canon-europe.com.

 

 

 

Другие новости

Back to top button