Социум

Сеулде студент мұражайға қойылған туындыны жеп қойған

Ол өзінің әрекетін билікке қарсы наразылық белгісі деп түсіндірген

Сеулде мұражай келушілерінің бірі Кателланның «Комедиант» деп аталатын инсталляциясын жеп қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сеул университетінің өнер факультетінің студенті Но Хун Сео қабырғаға жабыстырылған бананды – Маурицио Кателланның «Комедиант» инсталляциясының негізгі бөлігін жеп қойған. Содан соң бананның қабығын қабырғаға жабысатын таспамен қайта жабыстырып қояды.

Дегенмен ол өзінің әрекетін билікке қарсы наразылық белгісі деп түсіндірген.

«Мен бүлікке қарсы бүлік істедім. Өйткені өнер туындысын бүлдіру – шығармашылық әрекет. Мен қызық болсын деп ойладым, мүмкін, оны жеу үшін де осында іліп қойған шығар», — дейді Но BBC телеарнасының тілшісіне берген жауабында.

«Лиум» өнер мұражайының әкімшілігі қабықты алып тастап, дереу орнына жаңа банан қойған, өйткені қабырғаға жабыстырылған жеміс қарайып кеткен кезде, екі-үш күн сайын ауыстырып тұру керек.

Айта кетейік, корейлік студент бірнеше дана етіп жасалған инсталляцияны жеп қойған алғашқы адам емес. 2019 жылы Майамиде осындай оқиға болған. Сол кезде бананды жеп қойған өнер коллекционері Дэвид Датуна өз әрекетін «Аш суретші» деп атаған еді.

Другие новости

Back to top button