Выбор редакцииКультура

Серікзат ақынның 16 жастағы ұлы қайтыс болды

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы Әлихан есімді тұңғыш ұлы мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде ақынның әріптестері, достары қайғысымен бөлісіп, көңіл айтып жатыр. Серікзат Дүйсенғазы отбасымен жаңажылдық мерекеге орай демалысқа барған. Сол кезде ұлы оқыста шаңғыдан құлап, қаза тапқан.

Экспресс К редакциясы айтыскер ақынға және отбасына қайғыра көңіл айтады.

Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы.

Другие новости

Back to top button