Ол қарым-қатынас жайлы курс әзірлеп жСән әлеміндегі блогер Нұрлан Әлімқожаев (Nuchi Аmazing) Бота Әбдірахмановаға берген сұхбатында қарым-қатынастағы серіктесі балалы болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қазір жұртшылыққа жалпы қарым-қатынас жайлы курс әзірлеп, оны нарыққа шығаруды көздеп отыр
«Мен 10 жыл қарым-қатынастамын. Мен қарым-қатынастың түрлі кезеңдерінен өттім. Кетіп қалғым келген кездер де болды. Мен барлық кезеңді өз басымнан өткізген соң, курс жасағым келді. Әкесіз өскен немесе әкесі суық болған адамдарға қарым-қатынас құру өте қиын», — дейді Нұрлан Әлімқожаев.
Блогердің айтуынша, қазір серіктесімен қарым-қатынасы жақсы жаққа қарай өзгерген.
«Менің жоспарымда балалы болу жоқ. Ал серіктесім балалы болғысы келеді. Мен өзімді әке ретінде көрмеймін. Қазір мен өзім үшін өмір сүргім келеді. Осыған дейін мен өзгелер үшін өмір сүрдім. Енді өз өмірімнен ләззат алғым келеді», — деді ол.