Госорганы

Серік Қүдебаев Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін – ҰҚК

Күдебаевтың туған жері таулы аймаққа жақын жерде орналасқан

Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулар арқылы шекара асқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Сенаттың кулуарындағы брифингте мәлімдеді.

«Жұмыс болжамы бар, ол тау жаққа кетуі мүмкін делік. Оның туған жеріне жақын маңайда шаруа қожалығы, елдімекен бар. Негізінде, жақсы жол көрсетушілер де, мүмкіндік де бар. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», — деді Алдажұманов

Другие новости

Back to top button