Госорганы

Сенатор: Жер қойнауын пайдаланушылар газды өңдеуге мән бермей отыр

Сенатор Ләззат Рысбекова өзінің депутаттық сауалында мұнай-газ химиясы саласындағы қайта өңдеу мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, ірі жер қойнауын пайдаланушылар елімізде қайта өңдеуді дамытуды қалыс қалдырып, тек шикізат экспорты бағытын ғана таңдап отыр. Инвестицияның негізгі көлемі де бұрынғыша шикізат өндіруге ғана арналып отыр.

«Ірі операторлардың газды қайта өңдеу жөніндегі жаңа жобаларды іске асыруға деген ынта-ықыласы жоқтың қасы. Жыл сайын қысымды ұстап тұру үшін жерасты қабатына кері айдалатын газдың көлемі ұлғайып барады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі шамамен 39% құрады, ал 2030 жылға қарай «QazaqGaz» ҰК» АҚ болжамына сәйкес 50 пайыздан асуы мүмкін. Бұл жағдай басқа да проблемалармен бірге күрделене түседі», — деді ол.

Сенатор газдың маңызды стратегиялық шикізат және энергия ресурсы екенін, сондықтан оны ішкі нарықта қайта өңдеу мәселесін жедел шешудің маңызды екенін айтты. Ол үшін жұмыс істеп тұрған өндіріс қуатын ұлғайтып, жаңа газ өңдеу зауыттарын салу қажет.

Жобаларды салу және пайдалану кезеңінде «Теңізшевройл» ЖШС келісімшарттық аумағының жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін ұлттық операторларға беру мақсатында қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауды ұсынамыз. Еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу зауыттарын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу керек. Қазақстанда полимерлік өнімді пайдалану үшін тиісті нормативтік база жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы өнімге ұлттық экономиканың нақты сұранысын айқындау керек», — деді сенатор Рысбекова.

Другие новости

Back to top button