«Сен ән айтпай-ақ қой»: Жұлдызай Дүйсенбиева өзін қаралайтындарға жауап берді
Танымал актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің өнерін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Театр жұлдызы өзінің кәсіби музыка саласының маманы екенін айтып, балалық шағынан видео жүктеді.
“Бұл – 1997 жыл. Жасым 16-да. Мен – кәсіби домбырашымын. Керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын. Маған “сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді” деп жазатындар бар. Мен – ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін. Кәсіби әртіспін. Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын. Каратэмен айналысқанмын. Сосын 5-сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді. Ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан. Фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп, Кентаудан көшіп кетті. Домбырамен өз ортамызда ән саламын”, – деп жазды актриса.
Еске салайық, Жұлдызай 15 жылдан кейін “Шаншардың” сахнасына оралғанын айтқан еді.
“Ауыз толтырып айтатын жетістігім – 15 жылдан кейін “Шаншар” театрындағы әріптестеріммен бір сахнада өнер көрсеткенім. Дәл қазір ем қабылдап жатырмын. Тіпті, сіз хабарласқанда система алып жатқан едім. Концертке дейін денсаулығымды да дұрыстап алмақпын. Бәрі жақсы болады”, – деген еді өнер жұлдызы.