Абайская область

Семейдегі орман өрті: қаза тапқан 5 орман қызметкерінің жеке басы анықталды

Абай облысындағы орман өрті салдарынан қазап тапқан 5 орман қызметкерінің кім екен нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысып, қаза тапқан 5 орман қызметкерінің жеке басы анықталды. Облыс полицейлері өрт орнында хабар-ошарсыз кеткен 14 адамның денесін тапты. Қазіргі өрт кезінде қайтыс болған тағы 9 адамның жеке басы нақтылану үстінде», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, бүгінде өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүріп жатыр.

«Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орман қызметкерлерінің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», — дейді ведомстводан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

 

Другие новости

Back to top button