Семейде қатарластары сабап, видеоға түсірген Әлинұрға жаңа пәтер берілді

Семейде қатарластары сабап, видеоға түсірген Әлинұрға жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы ақпарат TikTok-та пайда болды.
— Семейлік балаға жаңа пәтер сатып алынды, дейді TikTok-қа нотариустан суреттерді жүктеген желі қолданушысы.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.
Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаны ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Барлық қатысушылар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, ал зардап шеккен жасөспірімге қажетті көмек көрсетілген.
ХАЛЫҚ ТАРАПЫНАН КӨМЕК
Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға халық 24 млн теңге жинап берді. Бұл туралы Абай облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлімдеді.