Абайская область

Семейде мектепте өрт шығып, 400-ге жуық бала эвакуацияланды

Семейдегі №40 мектепте өрт шығып, оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

«Бүгін Семейдегі №40 мектепте электр бөлмесінде өрт шықты. Өрт сөндірушілердің шұғыл араласуы мен мектеп қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. Мектеп ұжымы барлық оқушыларды эвакуациялады: 371 адам мен 45 мектеп қызметкері. Өрт сөндіру қызметі өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеді», — деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Фото: Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

Төтенше жағдайға байланысты мектептегі оқу процесі қашықтан оқыту форматына көшті. Ғимаратта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Другие новости

Back to top button