Семейде көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Өрттен бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
Семейде көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Абай облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 тамыз күні сағат 18:13-те “112” кезекші пультіне Юность шағын ауданында5 қабатты үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндіруші-құтқарушылар жатын бөлмесінде кереует пен жатын бөлме керек-жарақтарының жанып жатқанын анықтады.
“2 ересек адам мен 4 баланы эвакуациялап, қызметкерлер сағат 18:40-та өртті толығымен жойды. 27 литрлік газ баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды”, – деп түсіндірді ТЖД.
Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрады. 1940 жылы дүниеге келген әйел адам жану өнімдерімен улану белгілерімен ЖМЖС жеткізілді. Өрт шығуының алдын ала болжамы – отты абайсыз қолдану.