Абайская область

Семейде жас жігіт көпірден секірмекші болды – видео

 Семейде полицейлер көпірден секірмекші болған жігітті райынан қайтарды. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Видеода ер адам көпірдің қоршауына басын сүйеп тұр. Сосын тосқауылдың арғы жағына өтіп, көпірдің шетіне тұрып алады. Сол кезде оқиға орнына полицейлер келген. Бірнеше минуттан кейін жас жігіт қайтадан бергі бетке өткен. Оны патруль алып кетті.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 11 қазан күні таңғы уақытта теміржол көпірінде болған. Басқару орталығының мамандары бірден патрульдік полиция батальонының экипажына хабар берген.

Оқиға орнына 2-ші рота қызметінің инспекторлары барды. Бауыржан Нұрғазынов ер адамды ұстап қалу үшін артқы жағынан рельстермен жүріп өтеді. Ал Бауыржан Алдоңғаров жігітпен сөйлесіп, райынан қайтарған. Сосын оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Әуезов аудандық полиция бөліміне алып кеткен.

Другие новости

Back to top button