Алматинская область

Сел басады: Алматы облысының тұрғындары ауыл маңайындағы таудағы қазба жұмыстарына қарсы

Алматы облысындағы Белбұлақ ауылының тұрғындары топырақ астында қалуымыз мүмкін деп шағымдануда. Себебі тау етегіндегі қазба жұмыстары салдарынан төбелердегі топырақ опырылуы мүмкін. Тұрғындардың сөзінше, бұл тіпті сел басу қауіпін арттырады. Бұл туралы Stan.kz ақрпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Тұрғындардың айтуынша таудағы жұмыс тәулік бойы жүргізіледі екен. Қазылған топырақ қатты нөсер болса селге айналып ауылды басуы мүмкін. Тұрғындар басты қорқыныш осы екенін алға тартты.

«Тауларымызды аяусыз қопарып жатыр. Бұл бізге қауіп төндіруде. Биік жақта тау бар. Оның иесінің мемлекеттік сертификаты бар. Бірақ құжат бойынша ол қой ұстауы керек еді. Алайда Жұмаев таудың жартысын қазып қойды», — дейді эколог Гүлжан Көлбаева.

Жер туралы ақпаратты жергілікті билік растады.

«Бір кездері аудан әкімдігінен арнайы мақсаттағы «фермер қожалығы» мақсатында жер учаскесі берілген болатын. Олар учаскені нысаналы мақсатта иеленбей, жер қойнауын пайдалану тұрғысынан қазған. Осыған байланысты іс қозғалды”, — деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Асқарбеков.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар «тауларды бұзуға» екі зауыттың қатысы бар екенін алға тартты. Олардың қызметінің заңдылығын жергілікті билік органдары тексереді.

Другие новости

Back to top button