Социум

Сауд Арабиясы қажылыққа баратындарға коронавирус шектеулерін алып тастады

 Сауд Арабия билігі коронавирус пандемиясына байланысты қажылық жасауға қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

«Қажылыққа келетін адам саны пандемияға дейінгі көрсеткішке жетеді, жас мөлшеріне қатысты шектеу болмайды», — деді корольдіктің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ әл-Рабия.

Министрдің сөзінше, енді олар Сауд Арабиясында қызметтерді көрсету бойынша кез келген өкілетті компаниямен келісімшарт орната алады.

«Серіктестерімізбен бірге қажылыққа келушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында NUSK платформасын іске қостық», — деп атап өтті Тауфиқ әл-Рабия.

Сауд Арабия билігі кейінгі төрт жылда COVID-19 таралуынан қауіптеніп қажылық жасаушылар санын шектеген болатын.

 

Бұған дейін қазақстандықтар үшін қажылық жасау қолжетімдірек болатыны хабарланған. Себебі, Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі барынша қолдау көрсетеді.

 

Другие новости

Back to top button