Госорганы

Сатыбалдының сол жағалаудағы 16 бөлмелі зәулім үйі қандай (ВИДЕО)

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бір топ журналисті шақырып, қамауда отырған Қайрат Сатыбалдының 16 бөлмелі, екі қабатты зәулім жеке жайын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Оның үйі сол жағалауда, Көшек батыр,7 мекен-жайында орналасқан. Үйдің тұрған жері Астанадағы ең қымбат аудандардың бірі. Қайрат Сатыбалдыға қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында оның мүлкі жаппай тәркіленіп жатыр. Антикор Сатыбалдының Астанадағы бұл жеке жайын да тәркілеп алып, оны Астана әкімдігінің балансына берген.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты заңсыз жолмен алынған активтерді жылыстату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа дейінгі тергеу барысында Қайрат Сатыбалды өз еркімен мемлекет меншігіне әртүрлі мүліктерді берді. Соның ішіндегі мүліктіі бірі Астана қаласында орналасқан жетінші үй. Нысан психологиялық-педагогикалық түзету мекемесіне берілді. Қазіргі уақытта бұл мекеме толығымен жұмыс атқарып жатыр. Нысанның көлемі 1100 шаршы метр, жер телімі 1 гектар, жалпы құны 5 млрд теңгеден асады. Сатыбалдының отбасы мүшелерінен басқа адамдар да тұрған. Туыстары тарапынан ешқандай қарсылық болмады. Үй Сатыбалдының атында болған», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы Рауан Саматұлы.

Другие новости

Back to top button