Госорганы

Сатира қылмыс емес. Әсем Жәпішева пикетке шықты

Журналист Әсем Жапишева пикетке шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Белсенді Әсем Жапишеваның пикеті үш минутқа созылды.

— Алдымен оған әкімдік қызметкері келді, бірақ ол жалғыз адамдық пикетін жалғастыра берді. Кейін полиция келді. Пикет үш минутқа созылды, – деп хабарлады Ulysmedia тілшісі оқиға орнынан.

Бұған дейін Әсем Жапишева Темірлан Енсебекті қолдау мақсатында пикет өткізетінін жариялаған болатын.

БҰҒАН ДЕЙІН

Екі күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын.

Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

БАСТЫ СЕБЕП

Журналист Әсем Жәпішева QazNews24 паблигінің иесі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы жазбасы үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы Еңсебектің досы, белсенді Дархан Шәріп те айтты.

Оның айтуынша, бұл жарияланым Тина Канделакидің Қазақстан туралы даулы мәлімдемесіне қатысты реакция болған.

Другие новости

Back to top button