Улытауская область

Сәтбаев қаласының криминогендік жағдайы өте қиын – Марат Ахметжанов

Биыл Ұлытау облысында 17 адам қасқана өлтірілген

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ұлытау облысының халқымен өңірдегі қылмыс туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Бұрын Қарағанды облысында 1 млн-ға жуық халық болатын. Қазір Ұлытау облысында 220 мың адам бар. Облыста 17 адам адам өлтіру дерегі тіркелген. Мәселен, Астанада бұл көрсеткіш 20-ға тең, онда 1,2 млн халық тұрады. Облыста жасалған адам өлтіру қылмысының жартысынан көбі Сәтбаев қаласында болған. Сәтбаев қаласының криминогендік жағдайы өте қиын. Халық санына шаққанда басқа да қылмыстардың түрі жоғары деңгейде сақталып отыр. Сондықтан біз халықтың қауіпсіздігін сақтап, бұл қылмыстарды болдырмауымыз керек», — деді Ахметжанов.

Министр облыста жаңадан тағайындалған департамент басшыларына жағдайды күрт өзгерту бойынша талап қойғанын айтты.

«Осы жерге тәжірибелі мамандарды шақырып отырмыз. Түбегейлі өзгеріс болмаса, онда жұмыстың тиімсіз болғаны», — деді Марат Ахметжанов.

Другие новости

Back to top button