Главное
Сәтбаев қаласында қыз балаға шабуыл жасаған ер адам кінәсін мойындады – полиция

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді.
«Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін беруде», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сәтбаев қаласында белгісіз ер адам әйелге тап бергені хабарланған. Ал қорқынышты оқиғаның видеосы желіге тарап кетті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу жүріп жатыр.