Улытауская область
Сәтбаев қаласында жасөспірімдер арасында қанды төбелес болды (ВИДЕО)
Сәтбаев қаласында 20 тамыз күні кәмелетке толмағандар арасында жанжал болды. 16 жастағы жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 жастағы жасөспірім 2 жігітті жарақаттаған
Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның қатысушыларын жедел анықтап, ұстады.
«16 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.
Жанжалға қатысқан жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.