Сарыағашта шетел азаматын ұрып-соғып, құжатын тартып алған жігіт ұсталды
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Сарыағашта шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда шетел азаматын белгісіз біреу ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алғаны көрсетілген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді.
«Сарыағаштық тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бұрын сотты болған күдікті жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті Өзбекстан азаматынан шекарадан өткізіп беру үшін ақша талап еткен. Алайда шетел азаматы оған қарсылық білдірген. Сол сәтте екеуі сөзге келіп, сезікті жәбірленушінің жеке куәлігін тартып алып, оны соққыға жыққан. Содан жәбірленушіге дене жарақатын салған», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.