Госорганы

Сақтандыру ұйымдары жарты жылда қазақстандықтарға 98 млрд теңге төлеген

Сақтандыру ұйымдары жыл басынан бері қазақстандықтарға 98 млрд теңге төлеген. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру секторының жағдайы туралы сипаттамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 97 млрд 940 млн теңге болды. Бұл – өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,1% артық. Төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасында ерікті мүліктік сақтандыру – 40,2%, ерікті жеке сақтандыру үлесі – 26,6% және міндетті сақтандыру 33,2%», — деп жазылған агенттік мәліметінде.

Агенттіктің мәліметі бойынша елде 26 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 10 ұйым өмірді сақтандыру бағытына маманданған. Ал активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активінде 1 маусымдағы жағдай бойынша 2 трлн 290 602 млн теңге бар Жылдың басында бұл сома 2 трлн 066 млрд 614 млн теңге болатын. Алты айдағы өсім – 10,8%.

«Активтердің құрылымында ең үлкен үлесті (71,3%) 1 трлн 632 млрд 372 млн теңге сомасындағы бағалы қағаздар алады. Одан кейінгі орында екінші деңгейлі банктердегі салымдар (5,1%) — 116 млрд 769 млн теңге. Қайта сақтандыру активтері 85 млрд 934 млн теңге болды. Бұл сақтандырылған бүкіл активтің 3,8%-ы деген сөз. Міндеттемелер және резервтер сақтандыру ұйымдарының сақтандырушы алдындағы міндеттемелері 1 трлн 453 млрд 158 млн теңге болды. Міндеттемелердің құрылымында ең үлкен үлесті (82,1%) 1 трлн 193 млрд 632 млн теңге сомасындағы сақтандыру резервтері иеленеді», — делінген сипаттамада.

Другие новости

Back to top button