Госорганы

«Сақ болыңыздар»: Антикор қазақстандықтарға үндеу жасады

Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеуде. Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Айта кету керек, «Халық заңгері» республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button