Госорганы

Сапаров шетелден әкелетін бұқаның ұрығына төленетін субсидияны тоқтатқысы келмейді

Бұған дейін аталған бастаманы мәжіліс депутаттары көтерген еді. Алайда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өз дегенінде қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТТАР ҰСЫНЫСЫ

Депутаттар шет елден әкелінетін ұрыққа субсидия төленуі тоқтатылсын деп мәселе көтерген еді. Олардың айтуынша, Ауылдарда қолдан ұрықтандыруды игеріп жұмыс істеймін деген жастар көп. Оларды осы екі орталық арқылы оқыту және даярлау қажет.

2024 ЖЫЛЫ 11 МЫҢНАН АСА ІРІ ҚАРА МАЛ ШЕТЕЛДЕН САТЫП АЛЫНҒАН

Мәжілісмендерге берген жауабында министр қазір сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алуды субсидиялау қарастырылғанын айтады. Сатып алынған бір жынысты дозаның нормативі – 10 мың теңге, екі жынысты дозаның нормативі – 5 мың теңге.

Жыл сайын шет елдерден сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал (қашарлар мен бұқашықтар) сатып алынады. 2024 жылы шет елдерден сүтті және сүтті-етті бағыттағы 11 488 бас ірі қара мал импортталған. 2023 жылы Солтүстік Қазақстанның тәжірибесін тарату бойынша АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асырыла бастаған. 2023 жылы республикалық бюджеттен 11 облысқа 65 тауарлық сүр фермасына кредит беруге 100 млрд. теңге қаражат бөлінген.

ҚАЖЕТТІЛІКТІ ЖАБА АЛМАЙДЫ

65 тауарлық сүт фермасын қамтамасыз ету үшін 30 мыңға жуық сүтті бағыттағы ірі қара мал сатып алу жоспарланып отыр. Бұл ретте бүгінгі таңда отандық нарық жоғары өнімді сүтті бағытындағы бұқашықтар мен қашарлардың қажеттілігін жаба алмайды. Сүтті мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру кеңінен қолданылады, себебі ол қауіпсіз және тиімді көбею әдісі. Бұдан басқа «Асыл-Түлік» АҚ мен «Асыл» АТО бір жынысты дозаны шығаратын қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығын ескерулері керек.  Осыған байланысты қазіргі таңда шет елдерден әкелетін ұрыққа субсидия төлеуді тоқтату орынсыз деп санаймыз, – дейді ол.

Айдарбек Сапаров егер фермерлер тек отандық ұрықтарды қолдануға мәжбүр болса, бұл нарықта бәсекелестіктің азаюына әкеліп, монополияның қалыптасуына, бағаның өсуіне және қызмет көрсету сапасының төмендеуіне себеп болуы мүмкін деп есептейді. Сол себепті тек отандық орталықтардан ұрықтарды сатып алуға субсидия беруді қолдамайды.

Другие новости

Back to top button