Госорганы

Саңыраулар қоғамының лауазымды қызметкері 115 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикор мәліметінше, ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өзінің шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді.

Тергеу жалғасуда.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button