Социум

«Санкциялардың әсерінен қорғану мүмкін емес»: сарапшылар Ресей экономикасы туралы

Биыл Ресей Федерациясының ЖІӨ шамамен 3,5% құлдырады

Ресей Федерациясының экономикасын қалпына келтіру күткеннен көп уақытты алады. Бұл туралы Ресей Банкінің ақша-несие саясаты туралы жарияланған есебінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде Орталық банктің басшысы Эльвира Набиуллина құрылымдық трансформацияға жылдар қажет болуы мүмкін екенін және болжамның теріс сценарийі барған сайын шындыққа айналатынын айтты.

«Бұрын-соңды болмаған санкциялар импорт пен экспорттың географиясын өзгертеді. Көптеген ескі сыртқы экономикалық байланыстар үзілді. Мұның бәрі жаңаларының пайда болуын талап етеді. Экономика терең құрылымдық трансформация кезеңінен өтеді. Санкциялық қысым күшейіп, басқа елдердегі серіктестерімізге де әсер етеді. Шектеулер өте күшті, олардың Ресейге және әлемдік экономикаға әсерін төмендетуге келмейді. Олардың ықпалынан қорғану мүмкін емес», — деді Эльвира Набиуллина.

Биыл Ресей Федерациясының ЖІӨ шамамен 3,5% құлдырады.

Осыған байланысты ресейлік БАҚ биылғы жылы қызметкерлерге жаңажылдық сыйлықақы төлемейтін компаниялардың саны екі есеге (60%-ға дейін) өскенін хабарлады.

Другие новости

Back to top button