ГлавноеГосорганы

Санкция салдарынан азық-түлікке мұқтаж елдер зардап шегуде – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізуіне кедергі келтіріп жатқанын айтты. 

 

 

Тоқаевтың сөзінше, санкцияның салдарынан азық-түлікке мұқтаж елдер зардап шегуде.

«Жабдықтарды жеткізуге санкциялар бірінші орынға шыққан геосаяси жағдай кедергі келтіруде. Соның салдарынан азық-түлікке мұқтаж халықтар зардап шегуде. Сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО елдерінің әлеуеті 600 миллионға жуық адамды тамақтандыруға қабілетті», – деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Тоқаев.

Ол «Еуразиялық бестік» азық-түлікпен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізгенін айтты. Дегенмен, бұл елдерде әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы экспортының үлесі (2 пайыздан сәл ғана астам) төмен болып отыр.

Другие новости

Back to top button