Госорганы

Саясаттанушы Димаш Әлжанов өзіне біреулер шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді

Саясаттанушы Димаш Әлжановтың айтуынша, оған түн жарымында белгісіз адамдар шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгін сағат 00.30-да үйімнің кіреберісінде маған белгісіз екі адам шабуыл жасамақ болды. Олар көлікпен келе жатып, ауладан шығуға тосқауыл қойды, — деді ол.

Әлжанов полицияға жүгініп, арызы қабылданғанын жазады.

Біраз уақыттан кейін саясаттанушы көшедегі бақылау камерасы түсірген бейнені жариялады. Кадрларда белгісіз ер адамдар көліктен қалай шығып жатқанын көруге болады.

– Екі белгісіз адамның қала орталығындағы аулаға кіріп бара жатқанын және менің кіреберісте шабуыл жасамақ болғаннан кейін қашып бара жатқанын видеодан көруге болады. Ауладағы басқа камералар жұмыс істемейді, — деп жазады саясаттанушы

Димаш Әлжанов – қазақстандық саясаттанушы. Қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде ойын бүкпесіз айтады. Былтыр мәжіліс пен мәслихаттарға өткен сайлаудың қорытындыларына түсініктеме беріп, олардың легитимділігі әлсіз болғанын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button