Госорганы

Сағымбаев елімізге төнетін сыртқы қауіп туралы айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қатерлер туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамыр айында Бішкекте өткен соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы кезеңде ТМД-да, жалпы әлемде болған оқиғалар біздің елдегі оперативті жағдайға айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етуге байланысты міндеттер бірінші орында қалды, – деді Ермек Сағымбаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-отырысында.

Сондай-ақ, ол ұйым елдері синтетикалық есірткі саудасына көбірек мән беру керектігін атап өтті.

Трансшекаралық қылмыстардың, заңсыз көші-қон мен қару-жарақ контрабандасының қатері артып тұр. Есірткі трафигіне, әсіресе «синтетика» делініп жүрген есірткі түрінің таралуы біздің мұқият назар аударуымызды қажет етеді, – деді ҰҚК басшысы.

Другие новости

Back to top button