Алматы

«Сабынды iPhone деп ойлаған»: Алматылық тұрғынның оғаш қылығы полиция шақыртуға себеп болды

Алматыдағы бір үйдің тұрғындары сабынды телефон ретінде пайдаланбақ болған жігіттің оғаш қылығына таңданып, кейін полицияға шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам телефон орнына сабынмен қоңырау шалуға тырысқан. Жігіт жалаңаяқ, белден жоғары киімсіз тұрған.

«Жас жігіт барлық ауладағы балаларды шошытып тұр, үйге кіре алмай жүрміз. Ол подъездің алдында тұр, қолында сабын бар», – деді тұрғындардың бірі.

Жігіттің өзі қолындағы затты сабын емес, iPhone 10 деп түсіндірген.

«27-пәтерді жалдап тұрамын. 2GIS-ке кіріп, ешнәрсені баспай-ақ көрсеткім келеді. Телефоным дұрыс істемей тұр. eGov-қа кіруім керек. Үйден жүгіріп шықтым, қызды шығарып салдым. Аяқкиім қайда екенін білмеймін, қазір таксиге мінемін», – деп ер адам видеода сөйледі.

Редакция Алматы полиция департаменті тұрғындардың шағымына жауап бергенін айтты. Ер адам ұсталып, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

«Оның жеке басы анықталды. Оқиғаның нақты жағдайлары мен оның мұндай әрекетінің себебі тергеу барысында анықталады», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін астаналық полиция тоғыз жастағы қызды ойнап жүрген жерінен ертіп кетпек болған ер адамды ұстады. Оның айтуынша, ер адам қызын өзімен бірге кетуге үгіттеген. Күдікті қыздың қолындағы мысықты көріп, айтқанын істеме мысығының аяғын сындыратынын айтып, қорқытқан. Қайғылы жағдайдың алдын алған көрші келіншек полиция қызметкерлеріне белгісіз еркектің қыздың қалай алып кетпек болғаны айтып берді.

Другие новости

Back to top button