Культура

Russian Film Festival аясында ресейлік танымал сериалдар мен фильмдер қазақ тіліне аударылып, IVI онлайн-кинотеатры платформасында қолжетімді болады

11-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығында қазақстандық көрермендер алты ресейлік картинаны, соның ішінде қызықты спорттық драмалар мен комедияларды, бірегей сериалдар мен мультфильмдерді қазақ тіліндегі субтитрлермен көре алады. Фильмдер жазғы және мектеп демалысы бағдарламасына керемет үлесіп тұр. Russian Film Festival фильмдерін IVI онлайн-кинотеатрында RFFKZ промокоды арқылы тегін көруге болады. http://www.ivi.ru/collections/RFFKZ.

Russian Film Festival брендтегі ресей киносының апталығы Қазақстанда екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Фестивальді РОСКИНО компаниясы Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

РОСКИНО-ның Бас директоры Инна Шалыто:

«Қазақстанда Russian Film Festival-дің өтуі – елдеріміз арасындағы мәдени диалогты сақтау, сондай-ақ кинематография саласындағы байланыстарды дамыту үшін маңызды бастама. Біз ресейлік кино апталығының жаңа бағдарламасымен Қазақстанға оралғанымызға қуаныштымыз. Бұл жолы көрермендер жаңа ресейлік фильмдермен және анимациялармен ғана емес, сонымен қатар сериалдармен де таныса алады. Олар ресейлік ең ірі IVI онлайн-кинотеатрларымен ынтымақтастығымыздың арқасында Қазақстанда алғаш рет RFF бағдарламасында пайда болады. IVI топтамасында – IVI Originals бөлімшесі жасап шығарған, Ресейдегі нағыз халықтық хитке айналған көптеген бірегей сериалдар бар. Аталмыш туындылар қазақстандық аудиторияның талғамына сай келетініне үміттенемін».

Александр Праздников, IVI онлайн-кинотеатрының халықаралық даму жөніндегі директоры:

«Біз үшін Қазақстан көп жылдар бойы бизнесті дамытудың басым нарықтарының бірі болып келеді. Біз жергілікті киностудиялармен табысты жұмыс жүргізе келе, арада өзара түсіністік қалыптасқанын байқаймыз. Біздің жобалар Қазақстанда көптеп қаралады, ал қазақстандық туындылар ресейлік аудиторияға қатты қызығушылық тудырып отыр. Олардың көбі бізде эксклюзивті түрде қолжетімді. Сондықтан біз Russian Film Festival-дің серіктесі болуға және қазақстандықтарға IVI жазылымында біздің үздік фильмдеріміз бен сериалдарымызды қазақша субтитрмен көруге мүмкіндік беруге қуаныштымыз».

Russian Film Festival бағдарламасы аясында IVI-де ұсынылатын туындылар:

– «Бір тыныс» спорттық драмасы (реж. Елена Хазанова, 2020) – «фридайвинг патшайымы» Наталья Молчанованың өмір тарихына негізделген. Наталья осы экстремалды спорт түрімен тек 40 жасында айналыса бастаған. Ол 40-тан астам әлемдік рекорд орнатып, бірнеше әлем чемпионы атанды. Ресейде Фридайвинг Федерациясын құрды. Наталья Молчанова 9 минут демін ұстап, 100 метр тереңдікке аквалангсыз кірген әлемдегі алғашқы әйел болды. Бұл ашық теңізде жүз метр тереңдікте түсірілген алғашқы орыс көркем фильмі. Басты рөлде Виктория Исакова. IVI онлайн-кинотеатры осы туындының тең продюсері болды.

– «Футбол емес» комедиясы (реж. Максим Свешников, 2021) – балалық арман, толыққанды өмір және әйелдер футболы жайлы қалыптасқан стереотиптерді бұзатын, жігер беретін комедия. Жарқын кейіпкерлерден құралған команданы Ресейдің басты жас актрисасы Любовь Аксенова басқарады, ол Егор Корешковпен сенімді дуэт болып бірігеді. Аксенованың кейіпкері, әйелдер футбол құрамасының капитаны Даня өз командасын ыдыраудан құтқаруға тырысады. Ол бала кезінде доп теуіп ойнап жүрген мектеп кездегі қыздарын жинайды. Сондай-ақ, оларға ересек адам ретінде жаңа ойын ұсынады. Футболшылар тек спортта ғана емес, өмірде де жетістікке жету үшін бірқатар жауапты матчтарға төтеп берулері керек.

– «Мейірімділік» мелодрамалық сериалы (реж. Анна Меликян, 2020) нағыз халық хитіне айналған танымал ресейлік әйел режиссерінің туындысы. Ірі компанияның қаржы директоры Елена іссапар кезінде күтпеген жерден өзінің арманындағы адамды кездестіріп, күтпеген жерден оны жоғалтады… «Мейірімділік» туындысы жұлдызды актерлік кастпен ерекшеленеді. Жобада Виктория Исакова, Евгений Цыганов, Константин Хабенский, Анна Михалкова, Юлия Пересильд, Равшана Куркова және басқа да жұлдыздар ойнайды. Сериал iPhone-мен ақ-қара стилистикасында түсірілген. Мұндай әдіс режиссерге түсірілім алаңында ерекше сенімді атмосфера құруға және көрерменді кеңестік лирикалық киноның атмосферасын сезуге мүмкіндік берді. Платформада көрсетілімдердің бірінші айында сериалда 4 миллионнан астам қаралым болды.

– «Тағы да сәлем бердік!» (реж. Егор Чичканов, 2022) – басты рөлде Андрей Мерзликин ойнайтын жоғары қарқынды, ирония мен драйвқа толы сериал. Сериал өлімнен қайта тірілген қарақшы Бористің өмірін баяндайды. Бұл жоба IVI -дегі барлық ресейлік сериалдардан 1,5 миллион үйде отырып қарағандардың санына тез жетті. Қазіргі таңда сериалдың екінші маусымы түсірілуде.

– «Супермяу» анимациялық сериалы (реж. Татьяна Мошкова, Андрей Жидков, 2021) – сүйкімді мамықты кейіпкерлері бар, шытырман оқиға толы мультхикая. Оның авторы осы туындымен аттас кітап сериясын жасаушы, продюсер Олег Рой. Таңғажайып күштері бар бес батыл марғау супербатырлар мектебіне түседі. Олар әлі өз таланттарын ашып, нағыз команда болулары керек. Бірақ, бұл кезде суперзұлымдар академиясының директоры оларды өз жағына тартуды жоспарлайды. «Супермяу» – 4-6 жастағы балаларға арналған супербатырлар туралы алғашқы ресейлік анимациялық сериалы.

– «Үлкен саяхат» анимациялық комедиясы (реж. Василий Ровенский, Наталья Нилова, 2019) – ресейлік мультипликаторлар тобының және «Мадагаскар» авторларының бірі Билли Фроликтің жобасы. Түсінбеушіліктің нәтижесінде қоңыр аю Мик-Мик дегелектен кішкентай панда алады. Көңілді жануарлар компаниясымен бірге ол баланы нағыз ата-анасына жеткізу үшін алыс Қытайға аттанады…

IVI-дің көлемді катологына жетекші халықаралық және ресейлік өндірушілердің жұмыстары кіреді. Тіркелушілер офлайн режимде фильмдер мен мультфильмдерді жүктеп көре алады. Сервис кез келген ыңғайлы құрылғыда: web-интерфейсте, смартфондағы, планшеттегі немесе Smart TV-дегі қосымшада қолжетімді.

Анықтама

Russian Film Festival (https://rff.online /) – Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен РОСКИНО-ның 2020 жылдан бері өткізіп келе жатқан шетелдегі орыс киносының апталығы. RFF-тің негізгі мақсаты – шетелдік көрерменді заманауи ресейлік контенттің алуан түрлілігімен таныстыру: әр жанрдағы көркем фильмдер мен сериалдардан бастап анимация мен деректі фильмдерге дейін. 2020-2021 жылдары фестиваль 23 елде өтіп, миллионнан астам көрерменді жинаған болатын. RTF форматы онлайн-көрсетілімдерді де, офлайн-шараларды да қамтиды.

IVI – ай сайын 50 миллионнан астам бірегей қолданушылары бар ең ірі ресейлік онлайн-кинотеатр. TM Consulting мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша IVI табыс көлемі бойынша 26% үлесімен стримингтік сервистер сегментінің көшбасшысы. 2021 жылы компанияның кірісі 35%-ға, 11,9 млрд рубльге дейін өсті.

IVI Originals – Ресейдегі ең ірі IVI онлайн-кинотеатрының бөлімшесі, ол платформа үшін ерекше контент шығаруға жауап береді. Бүгінгі таңда IVI Originals брендімен 9 жоба шықты. Олардың арасында қаралым бойынша үздік «Тағы да сәлем бердік!», «Жолым болды», «Мейірімділік» сериалдар бар. Сондай-ақ, бүгінде ондаған сериалдар мен толық метражды картиналар әзірленуде. Көп ұзамай көрермендер «Химера», «Пансион» және «13-ші клиникалық» жобаларының премьераларын тамашалай алады. Бүгінгі таңда IVI Originals жетекші отандық продюсерлермен, режиссерлермен және актерлермен бірлесе жұмыстар жүргізеді.

Другие новости

Back to top button