Госорганы

Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау қанша жылға созылуы мүмкін

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан астам екенін еске салды. Мемлекеттік шекараның 70 пайызы демаркацияланды.

Қалған 30 пайызы таулы аймақта орналасқан. Оған тағы екі-үш жыл керек. Біз шекараның қай жерден өтетінін нақты білеміз, тек күшейту процесі ғана қалды.

Журналистер министрге Каспийдегі шекара мәселесі жөнінде де сауал қойды.

Біз Ресеймен де Түркіменстанмен бірдей келісім дайындап жатырмыз. Мұны Ресеймен екіжақты деңгейде шешетін болсақ, онда белгіленген шекара сызығы аумақтық сулар мен балық аулау аймақтарын бөлуге мүмкіндік беретінін түсініп отырмыз.

Другие новости

Back to top button