Госорганы

«Ресейден импорттауға тура келеді»: Қазақстандағы бензин қоры қаншаға жетеді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі жанармай қоры қанша күнге жететінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша бізде АИ-92 маркалы бензиннің қоры 23 күнге жетеді. АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 күнге, дизельдің қоры 29 күнге жетеді. Бұл – бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай», — деді ол Үкімет отырысының кулуарында.

Сонымен қатар, министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда қолдан қымбаттатуға жол берілмейтініне сендірді.

«АИ-95 маркалы бензиннен басқа қандай да бір жанармайдың бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензиннің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарықты Ресей Федерациясынан алдыратын импорт арқылы ғана толық жабамыз деп күтіп отырмыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге шамамен 40 мың тоннадай АИ-65 маркалы бензин импорттау қажет. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір «Газпром нефть» жеткізе бастады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Другие новости

Back to top button