Социум
Ресейдегі президент сайлауы: Путин 87,33 пайыз дауыс жинады

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы РФ президенті сайлауында сайлау учаскелерінен түскен хаттамалардың 99,01%-ын өңдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресми мәліметтерге сәйкес, дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалардың 99,1% өңделгеннен кейін Владимир Путин (өзін-өзі ұсынған) – 87,33%, Николай Харитонов (РФ Коммунистік партиясы) – 4,31%, Владислав Даванков («Новые люди») – 3,79%, Леонид Слуцкий (ЛДПР) 3,19% дауыс жинаған.
Ресей президенті сайлауында дауыс беру үш күн бойы – 15-17 наурыз аралығында өтті.
Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауының алдын ала қорытындысын бүгін, яғни 18 наурызда жариялауды жоспарлап отыр.