Социум

Ресейде ішінара мобилизациялау: Мәскеуден Алматыға дейінгі әуе билеттері әп-сәтте таусылды

Мәскеу мен Алматы арасындағы ұшақ құны 7,8 млн теңгеге қымбаттаған

Әлеуметтік желіде азаматтар Ресейден алыс-жақын және визасыз кіруге болатын елдерге арналған әуебилеттері таусылып, ал қалғаны өте қымбатқа сатылып жатқанын жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресейде шығатын The Village басылымының мәліметіне сүйенсек, бүгін 21 қыркүйек күні Мәскеуден Алматы мен Дубайға ұшатын тікелей рейстердің билеті таусылған. Бұл рейстің құны тіпті 7 829 676 теңгеге бағаланған. Ал Қазақстанға басқа қалалар арқылы ұшатын билеттің құны күрт қымбаттап, 500 мың теңгеге таяған.

Ресей қалаларынан Ереван, Тбилиси, Анталия сияқты қалаларға ұшатын рейстердің құны да күрт қымбаттап кеткен. Грузияға барғысы келген ресейліктер үшін 56 мың рубль (437 мың тг), тікелей Ереванға ұшатын билеттер шамамен 93 мың рубльге (725 мың тг) сатылып жатыр.

Түркияға билет іздеген ресейліктер үшін бүгін тек 70 мың рубль, яғни 550 мың теңге болатын билеттер қалған.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей мен Қазақстан арасында біздің отандық екі әуе тасымалдаушы жұмыс істейді. Бірі – Scat компаниясы болса, екінші Qazaq Air. Ал Air Astana компаниясы сақтандыруға кететін шығын өзін-өзі өтей алмайтын болған соң 2022 жылдың наурызынан бері екі ел арасында рейс ұшырмайды.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол бүгіннен басталады.

 

Другие новости

Back to top button