Социум

Ресей Украинаның маңызды инфрақұрылымына әлі соққы беріп жатыр

Елдегі барлық мектептер жұмаға дейін қашықтан оқу форматына көшті

Ресей Украинаның маңызды инфрақұрылымына әлі соққы беріп жатыр. Салдарынан қазір Житомир, Сумы және Полтава облыстарында, Львовта, Хмельницкийде және басқа қалаларда жарық сөнген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy dw.com-ға сілтеме жасап.

«Хмельницкийде зымыран соққысынан кейін электрмен жабдықтау жоқ, электр көлігі жұмыс істемейді, сумен жабдықтау тоқтатылды, бағдаршамдар жұмыс істемейді», — деді қала әкімі Александр Симчишин.

Оның айтуынша, ауруханалар өздерінің дизельді генераторларынан электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қазір Украинада интернет желісі нашар жұмыс істеп тұр. Әсіресе, Хмельницкая, Львов, Полтава облыстарында, Харьковта және Житомирде байланыс орнату қиын.

Ал барлық мектептер жұмаға дейін қашықтан оқу форматына көшті.

 

Другие новости

Back to top button