ГлавноеГосорганы

Ресей Тоқаевтен көмек сұрады: Ақорда The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты пікір білдірді

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли The Wall Street Journal басылымының зерттеуіне қатысты түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Wall Street Journal бұған дейін «Путиннің оң қолы Пригожиннің көзін қалай жойды» деген мақала жариялаған болатын.  Онда, атап айтқанда, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев «Вагнер ЖӘК» көтерілісі кезінде «Евгений Пригожинді (Вагнер басшысы – ред.) шегінуге көндіру үшін біраз жерге телефон соққаны” айтылады. Басылым Патрушевтің Қазақстан мен Беларусьқа да телефон соққанын, ал Астанамен жоспары егер әскер вагнерліктерді тоқтата алмаса көмекке келеді деп күткен. «Бірақ Тоқаев бас тартты, Лукашенко көмектесуге келісті», — делінген мақалада.

Берік Уәли бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді президенттің баспасөз хатшысы.

24 маусымға қараған түні Ростов облысында «Вагнер» ЖӘК мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенді. Бұл туралы әскери рота басшысы Евгений Пригожиннің хабарламаларынан кейін белгілі болды. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Вагнер ЖӘК-ның шабуылдау отрядтарының жауынгерлеріне сілтеме жасай отырып, олар «Пригожиннің қылмыстық авантюрасына алданып, қарулы көтеріліске қатысқанын» мәлімдеді.

Кейінірек келіссөздер нәтижесінде вагнерліктер Мәскеуге жорықты тоқтатып, басып алынған Ростов-на-Донуды азат етіп, далалық лагерьлеріне оралды.

Кейін Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, Беларуське аттанатынын хабарлады. Ал билік көтеріліске қатысқан «вагнерліктерді» қудаламайды деді.

Другие новости

Back to top button