Госорганы

«Растаймыз»: экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды

Әлтаев 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қарашасына дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды

Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық порталы.

Оның ұсталғаны туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.

«Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат ҚПК 201-бабына сай жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Нұржан Әлтаев 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Другие новости

Back to top button