Культура

«Қызым үшін жүрмін»: Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева дүниеге қызы келгелі өмірінің өзгергенін айтып, бақытты отбасының құпиясын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қысқасы, үйлендік, қызды болдық, үйлі болдық, шүкір. Перзентханадан шыққанда ән-күйсіз, у-шусыз-ақ, жаңбырлы күнде әшейін шығып кеттік. Ел қатарлы ананы жаса, мынаны жаса деп күйеуімнің миын қатырмаппын. Сөйтіп Аянат үшін деп жүрміз. Осы қыз үшін қайта жаңа өмір бастағандай болдым. Өмірсерік екеуіміз тек Аянат үшін өмір сүрдік. Ол – маған Алланың берген сыйы. Қайда жүрсем де, өзіммен алып жүрдім. Аянатсыз бір өзім жүруге қорқатынмын. Менің қорғаушым. Өміріміздің мәні, не жасасақ та Аянат үшін жасадық”, – деп Жұлдызай Дүйсенбиева жан сырын ақтарды.

Актриса әлеуметтік желіде күйеуі Өмірсерікпен түскен, қызы Аянаттың суреттерімен бөлісті.

Другие новости

Back to top button