Главное

Қызым шетел азаматтарының қолынан қаза тапты – Ақнәрдің анасы

Алматыда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамит қайғылы оқиғадан соң қыздардың бірі Қазақстан азаматтығын алғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Гүлістан Хамит Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында қызының ар-намысы үшін заңдық тұрғыдан күрескен жолын баяндап берді. Гүлістан Хамит өз сөзінде Қазақстанға өзге елден көшіп келгенін, кейін азаматтық алғанын айтты. Ол қызын жоғалтқаннан кейін құқықтық жүйені тереңірек зерттеуге мәжбүр болған.

– Бұл оқиға басталғалы бері мен қызымның ар-намысы үшін күресіп келемін. Қаншама заңды өзім оқып, іздендім. Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс, прокурорлардың өкілеттігі туралы заң – бәрін қарап шықтым. Себебі әрбір шағымыма жауап келгенде, олар белгілі бір баптарды негізге алады. Сонымен қатар, шетел азаматтарының Қазақстан аумағындағы құқықтық мәртебесін де зерттедім, – дейді анасы.

Оның айтуынша, шетел азаматтарының құқықтары Қазақстан азаматтарына қарағанда шектеулі болуы тиіс. Гүлістан Хамит «олар Қазақстан аумағында қылмыс жасамауға тиіс еді» деп есептейді. Осыған байланысты «шетелдік азаматтар неге елімізде еркін жүр?» деген сұрақ қойғанын айтады.

2023 жылдың қараша айында, қызы қайтыс болғанына төрт ай толғанда, Гүлістан Хамит Алматыға барып, прокуратура өткізген жиынға қатысқан. Сол кезде ол ел алдында:
«Қызым шілденің 20-сында емес, осы қарашаның 20-сында қайтыс болғандай болсын. Мен полицейлер тарапынан кеткен ағаттықтарды қозғамай-ақ қояйын. Бірақ қолымдағы нақты фактілерге сүйене отырып, істі қайта қозғап, әділ де объективті тергеу жүргізулеріңізді сұраймын», – деген.

“ҚҰҚЫҒЫМ АЯҚҚА ТАПТАЛДЫ”

Анасының айтуынша, қызының азаматтық құқығы да, өзінің азаматтық құқығы да аяққа тапталған.

— Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын. Сол жиынға көк туды жамылып бардым. Бірақ неге менің құқығым ескерусіз қалды? Қызым шетел азаматтарының қолынан қаза тапты. Неліктен бұл іс қайта қаралмайды?, – деп мәселе көтерген.

Гүлістан Хамит жиын барысында айтылған бір сәтті де еске алды. Сол жерде отырғандар оған:

— Егер сіз ту жамылып келіп жүрсеңіз, ертең оның әке-шешесі де ту жамылып келеді» деген пікір білдірген. Бұған анасы: “Келсін, қызыл туды жамылып келсін. Әркімнің өз уәжі бар, бәрі де айтуға құқылы. Мен қарсы емеспін, – деп жауап берген.

Алайда ол бұл жағдайды «сұмдық» деп бағалады.

– Мемлекеттің шекарасын қорғап, халықтың қауіпсіздігіне жауапты құқық қорғау органдарының өздері осындай көзқарас танытса, біз қайда барып бас сауғалаймыз? Осы елде миллиондаған халық тұрып жатыр. Түрлі ұлт өкілдері бар. Бірақ бәріміздің тағдырымыз құқық қорғау жүйесінің әділдігіне тәуелді. Егер ол жүйеде осындай бейқамдық болса, мен білмеймін… Мен түңілдім, – деді Гүлістан Хамит.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ұлысмедианың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза болған. Бастапқыда полиция істі «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қозғаған. Бірақ марқұмның анасы мен туыстары оған қарсы шыққан. Олардың сөзінше, Ақнәрдің денесінде азаптау белгілері болған. Шашы жұлынып, тырнағы сынып, денесінде тістелген іздер табылған. Марқұмның анасы Гүлстан Қамит Ақнәрдің қазасына оқиға болған күні оның жанында болған құрбыларының қатысы бар деп топшылайды.

Другие новости

Back to top button