Кызылординская область
Қызылордалық тұрғын әйелімен жанжалдасып, өзін-өзі өртеп жіберді
Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: interesnoe.me
Оқиға 30 шілде күні облыс орталығындағы аудандардың бірінде болған. 37 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, өзіне бензин құйып өртеп жіберген.
«Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін денесін термиялық күйік шалған зардап шегуші көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Көпсалалы облыстық аурухана жеке деректерді қорғау туралы заңына сүйеніп, науқастың жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.